Павлодар облысында бұршақ пен қатты жел болды

Павлодар облысында бұршақ пен қатты жел болды

фото: https://pixabay.com/

Салдарынан алты адам зардап шекті, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Қатты соққан жел мен жауған бұршақ павлодарлықтарды әуреге салды. Жедел жәрдем қызметіне бір күнде екі рет шақырту түсті, дейді денсаулық сақтау басқармасы. Соның бірі Павлодар қаласында болған.

"1993 жылы туған ер адам – дауыл кезінде ағаштан бұтақ құлап, бас жарақатын алды. Павлодар қалалық №1 ауруханаға жеткізілді", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.

Ал Құдайкөл ауылында бұршақтан бес адам зардап шеккен.

"2007 жылы туған қыз, 1979 жылы туған ер адам және 2011 жылы туған ұл баланың денесі сыдырылған. Сондай-ақ 2010 жылы туған екі жасөспірім дәрігер көмегіне жүгінді. Олардың арқа және аяқ-қолдары сыдырылып, денелері көгерген", - дейді дәрігерлер.

Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық емге жіберілді.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите