Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналмақ

Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналмақ

фото: https://massaget.kz/

Президент тапсырмасына сәйкес, Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие болады. Осы мақсатта «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы кеңейтіліп, оның құрамына Көбейтұз көлінің акватори енгізіледі. Бұл туралы Ақмола облысының әкімдігі хабарлады.

Көлге ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру жұмыстарымен қатар, өңір әкімдігі жағалау аумағын абаттандыруға кіріседі. Мұнда бақылау алаңы мен автотұрақ салынып, тұрғындар мен қонақтарға табиғи құбылысты қауіпсіз тамашалап, суретке түсіруге жағдай жасалады.

Абаттандыру жұмыстары жүргізілетін кезеңде Көбейтұз көліне қолжетімділік уақытша шектеледі. Жағалау сызығына жақындауға және белгіленген шектеу аймағынан өтуге рұқсат етілмейді. Көлге кіре берістерде тәулік бойы бақылау бекеттері қойылып, аумақты полиция қызметкерлері мен уәкілетті органдар бірлесіп патрульдейді.

Елордадан 160 шақырым қашықтықта орналасқан көлде шомылуға және оның жағалауынан тұз жинауға қатаң тыйым салынады.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите