Дияр Аманәлі Әзірбайжанда топ жарды

Дияр Аманәлі Әзірбайжанда топ жарды

фото: olympic.kz/24.kz

Қазақстандық Дияр Аманәлі грек-рим күресінен Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында топ жарды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы «24KZ» сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

 Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың финалында Кеве Ковачты (Венгрия) жеңді. Осылайша алтын жүлдегер атанды. 

Жарыс барысында Дияр Аманәлі Грекия өкілі Николаос Зинисті, Ресей балуаны Эдем Пайзиевті, Грузия спортшысы Георгий Кеделидзені және Болгария өкілі Данимир Йордановты жеңіп, чемпион атанды. 

Айта кетейік, бұған дейін Әли Алмас (48 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болған еді. 

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите