Атыраудың 39 жастағы тұрғыны заңсыз қару сақтаған

Атыраудың 39 жастағы тұрғыны заңсыз қару сақтаған

фото: https://pixabay.com/

Ол сондай-ақ қаладағы түзету мекемесіне дрон арқылы тыйым салынған заттарды жеткізумен айналысқан

Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы өзге де мүдделі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғылықты мекен-жайында атыс қаруын сақтаған және қаладағы түзету мекемесінде дрон арқылы тыйым салынған заттарды жеткізумен айналысқан 39 жастағы күдіктіні ұстады.

"Тұрғылықты жерін тексеру барысында тіркелмеген 12 калибрлі екі ұңғылы аңшылық мылтық, үш дана дрон, бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы салынған пластикалық ыдыс, 12 калибрлі бір ұңғылы кесілген мылтық және 4 дана оқ-дәрі, сондай ақ, қағазға оралған, өсімдік тектес, қою жасыл түсті, өзіне тән иісі бар зат анықталып, тәркіленді", - дейді полиция.

Аталған дерек бойынша сотка дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданған. Сот үкімімен сотталушыға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите