Алматының бас полицейі электросамокаттардың жұмысын тексерді

Алматының бас полицейі электросамокаттардың жұмысын тексерді

фото: https://pixabay.com/

Департамент басшысы электрсамокаттар орналасқан орындарында тәртіпті қамтамасыз ету, жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысына кедергі келтірмеу қажеттігін атап өтті.   

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов Алмалы аудандық полиция басқармасының басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізіп, қызметтің негізгі басым бағыттарын айқындады.

Қалалық полиция ведомствосының басшысы заңдылықты қамтамасыз етуге, атқарушылық тәртіпті нығайтуға, азаматтардың өтініштерін сапалы қарауға, сондай-ақ профилактикалық жұмыстың тиімділігі мен қылмыстарды ашу көрсеткіштерін арттыруға ерекше назар аударды.

Кеңестен кейін Айдын Қабдулдинов қалалық базарлардың біріндегі қоғамдық тәртіптің жай-күйімен танысты.

Аумақты аралау барысында сауданы ұйымдастыру, абаттандыру талаптарының сақталуы, тұрғындар мен қала қонақтарына қолайсыздық туғызатын факторларды жою мәселелері қаралды.

Сонымен қатар электрсамокаттарды жалға беру сервистерінің жұмысына ерекше назар аударылып отыр.

 Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите