2026 жылы декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері қанша?

2026 жылы декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері қанша?

фото: https://www.istockphoto.com/portfolio

       2026 жылдан бастап Қазақстанда жүктілік және босануға байланысты әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібі жаңартылды. Енді төлем мөлшері орташа айлық табыстың ең төменгі жалақының (ЕТЖ) жеті еселенген мөлшерінен аспайтын бөлігіне қарай есептеледі.

       Осы өзгеріске байланысты биылғы бірінші жартыжылдықта декреттік төлемнің орташа көлемі шамамен 1,4 миллион теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5 пайызға төмен.

       Биыл жүктілік және босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері 2 499 000 теңге болып белгіленген. Төлем көлемі соңғы 12 айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдар мен декреттік демалыстың ұзақтығына байланысты анықталады. Егер қызметкердің табысы белгіленген шектен жоғары болса, есептеу заңда белгіленген лимит аясында жүргізіледі.

       Сонымен қатар, декреттік демалыс мерзімі аяқталмай тұрып жұмысқа қайта шыққан әйел бұл туралы мемлекеттік корпорацияға хабарлауы қажет. Мұндай жағдайда әлеуметтік төлем тоқтатылады және кейін қайта тағайындалмайды.

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите