Жасанды жауын климатқа әсер ете ме

Жасанды жауын климатқа әсер ете ме

фото: yandex.kz

Жасанды жауын басқа өңірлердегі жаңбырдың азаюына әсер ете ме?

Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Әлия Оспанова осы технология төңірегіндегі жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

Әлеуметтік желілерде «жаңбырды Түркістанға бұрып жіберді», «басқа өңірлерге жауын жетпей қалды» деген пікірлер айтылып жатыр. Бірақ Әлия Оспанованың айтуынша, бұл технологияның жұмыс істеу тәсілі мүлде басқа.

– Бұл жобаның негізгі мақсаты – құрғақшылықтың алдын алу. Өткен жылы Түркістан облысында 8 айдан астам уақыт жауын-шашын болмаған кезеңдер тіркелді. Соның салдарынан фермерлер үлкен қиындықтарға тап болды. Біз бірнеше мемлекеттің тәжірибесін зерттедік, халықаралық метеорологиялық ұйымдардың ұсынымдарын қарадық. Ғылыми зерттеулер мен халықаралық тәжірибеге сүйене отырып осы жобаны іске қостық, – деді ол.

Бұл технология әлемде шамамен 50 жыл бойы қолданылып келеді. АҚШ, Қытай, Канада, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінде пайдаланылады. Сондай-ақ маман жаңбырдың қалай пайда болатынын түсіндірді.

– Біз жаңа бұлт жасамаймыз. Арнайы ұшақ табиғи түрде қалыптасқан жауын бұлттарына ғана жұмыс істейді. Бұлттың астына экологиялық қауіпсіз тұз реагенттері айналдыра себіледі. Сол кезде ылғалдың кристалдану процесі жылдамдап, жауын-шашын түсу ықтималдығы артады. Оның үстіне әсер ету аумағы шектеулі, жауын үлкен аумаққа таралмайды, – деп түсіндірді Әлия Оспнова.

https://kaz.inform.kz/



 

Subscribe