Полиция қызметкерін өлтіріп, өртеген: іс бойынша баласы мен әйелі ұсталды

Полиция қызметкерін өлтіріп, өртеген: іс бойынша баласы мен әйелі ұсталды

фото: pixabay.com

Алматы облысы Кеген ауданында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлдайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерін өлтіріп, мәйітін өртемек болғаны туралы ақпарат тарады. Облыстық Полиция департаменті бұл деректі растады.

- 23 маусым күні полицияға таулы аймақтан мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы шықты. Қаза болған адамның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды, - деп хабарлады полициядан.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде марқұмның жұбайы мен ұлы күдікті ретінде ұсталған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

- Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады департаменттен.

Әлеуметтәік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, 23 маусымда Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция бөлімінің қызметкері, 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің күйген денесі Кеген ауданынан табылды. Дене Көкпек-Көктал-Кеген тас жолынан шамамен 400 метр қашықтықта жатқан. Марқұмның оң қолынан күйген арқанның қалдықтары табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өлтіріліп, денесі жасырылған. Тергеушілер бұрын Бостандық аудандық полициясында жұмыс істеген оның әйелі Арайлым Әлсерованың, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың 14 жастағы ұлы мен оның кәмелетке толмаған досының бұл іске қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Аслан мен Арайлым Әлсеров 15 жылдан астам уақыт бірге тұрып, жеті бала тәрбиелеп келеді. Тергеушілер қылмыс отбасының үйінде жасалған болуы мүмкін деп санайды, содан кейін дене Кеген ауданына апарылған.

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите