Криштиану Роналду кеше дубль істеді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Футболдан әлем чемпионатында K тобында кеше Португалия - Өзбекстан құрамалары кездесті. Сол матчта Роналду қос гол салып, өз мансабында Әлем чемпионаты финалдық кезеңінде он гол соғып үлгерді.
Қазірге дейін ол ұлттық құрама сапында 229 кездесуде 143 гол соққан. Осылайша Португалия құрамасы бауырлас Өзбек құрамасын 5:0 есебімен ойсырата жеңді.
Ал үздік спортшылары бола тұра Англия құрамасы Гананы жеңе алмады, есеп 0:0. Хорватия бір гол салып, Панамадан озды. Колумбия да Конгоны бір гол айырмашылығымен жеңді.
Роналдудың жаңа тарихи белестері:
Алты турнирдегі гол: Криштиану өзі қатысқан алты бірдей әлем чемпионатында (2006, 2010, 2014, 2018, 2022, 2026) гол соққан тарихтағы тұңғыш және жалғыз футболшы атағына ие болды. Оның басты бәсекелесі Лионель Месси де алты әлем біріншілігіне қатысқанымен, 2010 жылғы Оңтүстік Африкадағы турнирде бірде-бір гол соға алмаған болатын.
Эйсебиодан озу: Осы матчтағы дублінен кейін Роналду әлем чемпионаттарының финалдық кезеңінде соққан голдар санын 10-ға жеткізді. Осылайша, ол 9 голы бар әйгілі отандасы, футбол аңызы Эйсебионы басып озып, Португалия тарихындағы әлем біріншіліктерінің ең үздік сұрмергені мәртебесіне иеленді.