"Көкмайса" этнофестивалі

"Көкмайса" этнофестивалі

фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

Өңірде бір мезетте 35 киіз үй тігіліп, 15 мыңға жуық қонақ жиналды

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында қазақ халқының бай мұрасы мен ұлттық құндылықтарын ұлықтайтын дәстүрлі "Көкмайса – даланың тірі тарихы" этнофестивалі басталды, деп хабарлады облыстық әімдік.

Өңірде бір мезетте 35 киіз үй тігіліп, 15 мыңға жуық қонақ жиналды.

«Фестивальдің ең әсерлі сәттерінің бірі – бір мезетте 500 биенің сауылуы болды. Бұл көрініс ұлттық дәстүрдің өміршеңдігін айшықтап, жиналған жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар қазақ халқының көне "Қымызмұрындық" дәстүрі сахналанып, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді. Қонақтар мен көрермендерге жаңа сауылған қымыз ұсынылып, ұлттық ойындар мен дәстүрлі өнер көрсетілімдері ұйымдастырылды.

Фестиваль аясында еліміздің әр өңірінен келген этноауылдар ұйымдастырылып, киіз үйлер көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды. Келушілер ұлттық тағамдардан дәм татып, салт-дәстүр көріністерін тамашалады және қолөнер шеберлерінің туындыларын көрді.

Фестиваль аясында ұлттық спорт түрлерінен де тартысты жарыстар өтті. Қонақтар көкпар, аударыспақ, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, асық ату, жілік сындыру, қошқар көтеру және арқан тартыс секілді ұлттық ойындардың қызығына куә болды, дейді әкімдікте.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите