Футболдан ӘЧ-2029: Марокко Нидерландыны еліне ертерек қайтарды

Футболдан ӘЧ-2029: Марокко Нидерландыны еліне ертерек қайтарды

фото: championat.ru https://kaz.inform.kz/

       Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында плей-офф сатысында Нидерланды мен Марокко кездесті. 

       Еуропа құрлығының өкілдері F тобында сынға түсіп, үш кездесуде жеті ұпай жинады. Екі жеңіс, бір тең ойынмен бірінші орынға табан тіреді.

       Ал Марокко дәл сондай нәтижемен C тобында екінші орынға жайғасты.

       Қазірге дейін әлем чемпионатында 12-мәрте бақ сынап жатқан нидерландылық футболшылар 1974, 1978, 2010 жылдары күміс жүлдегер атанса, дүбірлі додаға 7 мәрте қатысқан Марокко 2022 жылы төртінші орынға тұрақтады.

       Сондықтан жанкүйерлер бұл кездесуде тартысты ойын күткені анық. Қос құрама ойын барысында жолдама үшін барын салды. Соған қарамастан бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. 

       Екінші кезеңде олар сол қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Шабуылға жиі шыққан олар гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Нәтижесінде гидерландылық Коди Гакпо есеп ашса, 91-минутта марокколық Исса Диоп таразы басын теңестірді.

       Негізгі кезеңде 1:1 есебі тіркеліп, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти сериясында Марокко жеңіске жетіп, 1/8 финалға жолдама алды.

       Айта кетсек, бұған дейін плей-офф кезеңінде Канада, Бразилия, Парагвай құрамалары қарсыластарын қапы қалдырып, 1/8 финалға жолдама алды.

       Сондай-ақ бүгін, 30 маусымда 22:00–де Кот-д’Ивуар — Норвегия, 1 шілдеде 02:00–де Франция — Швеция, 06:00–де Мексика — Эквадор, 21:00–де Англия — Конго ДР, 2 шілдеде 01:00–де Бельгия — Сенегал, 05:00–де АҚШ — Босния және Герцоговина жасыл алаңға шығады.

       Ал 3 шілдеде 04:00–де Португалия — Хорватия, 23:00–де Аустралия — Египет, 4 шілдеде 03:00–де Аргентина — Кабо-Верде, 06:30да Колумбия — Гана кездеседі. 

       https://kaz.inform.kz/


 

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите