Алакөлде демалушылардың қауіпсіздігі ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды Абай облысы ПД баспасөз қызметі.
Жазғы маусым қызған шақта Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауында туристік полиция қызметкерлері демалушылардың қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз етіп жатыр, деп жазды "ҚазАқпарат" агенттігі. Патрульдеу жұмыстары жаяу және заманауи техникалардың көмегімен жүргізіледі. Электромобильдер, квадроциклдер мен самокаттарды пайдалану тәртіп сақшыларына жағалау аумағындағы кез келген жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Фото: Абай облысы ПД
Полицейлер судағы қауіпсіздік мәселесіне және жағажайларда алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударады. Олар су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың басым бөлігі демалушылардың қауіпсіздік талаптарын елемеуінен болатынын еске салады.
Фото: Абай облысы ПД
— Курорттық аймақта бейнебақылау камералары да жұмыс істейді. Бұл қоғамдық тәртіпті нақты уақыт режимінде бақылауға және түрлі оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. Маусым басталғалы полиция қызметкерлері адасып кеткен 10 баланы тауып, ата-аналарына табыстады, — делінген хабарламада.
Фото: Абай облысы ПД
Қабылданып жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде жағалаудағы құқықбұзушылық деңгейі төмен күйінде сақталып, туристер өздерін қауіпсіз сезініп отыр.
Фото: Абай облысы ПД
Материал ҚазАқпарат агенттігінен алынды.