Қазақстанда қанша студент бар?

Қазақстанда қанша студент бар?

фото: Pexels.com

Қазір Қазақстанда 122 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Сондай-ақ студенттер саны 700 мыңнан асады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп жазды ҚазАқпарат. 

 Министрдің дерегінше, жоғары оқу орындарының құрылымы мынадай: 12 ұлттық университет, 30 мемлекеттік, 1 халықаралық, 11 акционерлік, 1 дербес білім беру ұйымы, 15 азаматтық емес және 52 жекеменшік оқу орны бар.

қазақ студенттері

Коллаж: Kazinform/ ЖИ көмегімен жасалған

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті. Министрдің дерегінше, жоғары оқу орындарының құрылымы мынадай: 12 ұлттық университет, 30 мемлекеттік, 1 халықаралық, 11 акционерлік, 1 дербес білім беру ұйымы, 15 азаматтық емес және 52 жекеменшік оқу орны бар.

Сондай-ақ студенттер контингенті 724 мыңнан асады. Оның ішінде 658 мыңы бакалавриатта білім алса, шамамен 40 мыңы магистратурада, 9 мыңға жуығы докторантурада оқиды. Бұдан бөлек, 16 мыңнан астам студент интернатура мен резидентурада білім алады. Шетелдік студенттер саны 35 мыңнан асады.

Спикердің айтуынша, жоғары білім беру жүйесін интернационалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда елімізде 32 шетелдік университет жұмыс істейді. Олардың қатарында филиалдар, стратегиялық әріптестіктер және Лу Бань шеберханалары бар.

— Бұл — АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Германия және басқа елдердің университеттері. Аталған жобалардағы студенттер контингенті шамамен 12 мың адамды құрайды. Оның ішінде 700-ге жуық шетелдік студент бар, — деді министр.

Сонымен қатар ол жоғары оқу орындарында жазғы емтихан сессиясы аяқталуға жақын екенін атап өтті.

— Биыл шамамен 193 мың маман университетті бітіреді. Бұл — соңғы жылдардағы ең ірі түлектер шығарылымдарының бірі. Түлектердің қорытынды аттестаттауы 20 маусымға дейін өтеді, ал диплом тапсыру рәсімін 10 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған, — деп толықтырды.

Subscribe