Ғылым мен шығармашылық үндескен университ

Ғылым мен шығармашылық үндескен университ

фото: yandex.kz

       80 жылдан астам тарихы бар, қыз балаларға арналған бірегей жоғары оқу орны – QyzPU бүгін журналистерге өзінің жаңа тынысын, заманауи мүмкіндіктерін және болашаққа бағытталған даму жолын таныстыруда.

       Қазіргі сәтте университет қабырғасында ғылыми-инновациялық орталықтардың жұмысы таныстырылып жатыр. Атап айтқанда, Coding School, Apple Lab, 3D Lab, молекулалық физика мен биотехнология зертханалары, сондай-ақ интерактивті FIVE Room секілді білім мен ғылым тоғысқан заманауи алаңдар көпшілік назарына ұсынылуда.

       Сонымен қатар, журналистер KazChessLab зертханасында болып, мектептерге шахмат пәні мұғалімдерін даярлау бағытындағы жұмыстармен танысуда. Университеттің Media Studio, қыш өнері кабинеті, жаңартылған хореография залы, Coffee Book Creative Space пен Design Studio алаңдарында да қызу тіршілік байқалады.

       Бүгінде бұл оқу орнында 12 мыңнан астам студент қыз білім алады. Университет тек Қазақстан емес, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан сынды бірқатар елдерден келген талапты жастарды біріктіріп отыр.

       QyzPU – тек білім ордасы ғана емес, ұлттық тәрбие мен заманауи ғылым үндескен, болашақтың бәсекеге қабілетті қыздарын тәрбиелейтін үлкен рухани орта.

       Дәл қазір университетте өтіп жатқан баспасөз туры – білім мен жаңашылдықтың, ғылым мен шығармашылықтың жарасымды көрінісіне айналып отыр.

Subscribe