Табиғатқа жанашырлықпен қарау – тек адамгершілік емес, заң талабы да

Табиғатқа жанашырлықпен қарау – тек адамгершілік емес, заң талабы да

фото: www.instagram.com

       Көктемнің көркі – құлпыра жайнаған қызғалдақтар бүгінгі күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде бүр жарып, табиғатқа ерекше сән беріп тұр. Даланың сәніне айналған бұл нәзік гүлдер көздің жауын алып қана қоймай, табиғаттың бізге тарту еткен баға жетпес байлығы екенін еске салады.

       Дегенмен, осы сұлулықты сақтап қалу – баршамызға ортақ міндет. Мамандардың айтуынша, Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлуға немесе оларға зиян келтіруге заңмен қатаң тыйым салынған. Мұндай әрекеттерге қатысты жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-бабы аясында қарастырылады. Яғни табиғатқа жанашырлықпен қарау – тек адамгершілік емес, заң талабы да.

       Экология саласының өкілдері де сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау – келер ұрпақ алдындағы парыз екенін жиі айтып келеді. Себебі табиғаттың әрбір бөлшегі – болашақтың аманаты.

Subscribe