Қазақстанда неке сақиналары қымбаттады

Қазақстанда неке сақиналары қымбаттады

фото: https://pixabay.com/

Жас жұбайларға арналған сақиналардың бағасы әсіресе Ұлытау облысында қатты қымбаттаған

Қазақстанда неке сақиналары қымбаттады, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.

Наурыз айының қорытындысы бойынша алтын неке сақиналарының бағасы айлық мәнде 5,5% өссе, жылдық мәнде 45% қымбаттаған.

Өңірлер бөлінісінде ең төменгі жылдық қымбаттау Маңғыстау облысында тіркелді – 14,5%, Шымкентте – 29%, Астанада – 29,9%. Жас жұбайларға арналған сақиналардың бағасы Ұлытау облысында ең қатты қымбаттаған – бір жылдағы өсім 71%.

Сонымен қатар Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісі артып келеді, дейді мамандар.

2024 жылмен салыстырғанда, 2025 жылдың қаңтар–желтоқсан аралығында өндіріс көлемі 7,7% өсіп, 2,7 млрд теңгені құраған.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Subscribe