Павлодарда бес жұмысшыны топырақ басып қалды

Павлодарда бес жұмысшыны топырақ басып қалды

фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар қаласында жер қазу жұмыстары кезінде бес жұмысшыны топырақ басып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, шұңғырдың тереңдігі шамамен 6 метр болған. Құтқарушылар келгенше кәсіпорын қызметкерлері бір адамға шығуға көмектескен. Ал төтенше жағдай мамандары тағы екі жұмысшыны алып шықты. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

"Үйінді арасынан екі адамның денесі шығарылды", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі кезде полиция еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу кезінде оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

 

Subscribe