Цифрлық дәуір тәрбиешілері: Алматыда үздіктер анықталды

Цифрлық дәуір тәрбиешілері: Алматыда үздіктер анықталды

фото: daismedia.kz

       Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиада өтті.

       Еліміздің 14 қаласынан жиналған студенттер қатысқан білім бәйгесі болашақ педагогтердің кәсіби және цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Олимпиада «Болашақ тәрбиеші цифрлық ортада: жасанды интеллект және кәсіби даму» тақырыбында ұйымдастырылды.

       Іс-шара барысында қатысушылар бес кезең бойынша білімдері мен дағдыларын көрсетті. Байқау қорытындысында үздіктер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жүлделерімен және университеттің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

       Бұл олимпиада жас мамандардың кәсіби дамуына серпін беріп, заманауи білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етті.

Subscribe