Банк деректемелерін таратқан ерлі-зайыпты сотталды

Банк деректемелерін таратқан ерлі-зайыпты сотталды

фото: https://pixabay.com/

Жәбірленушілерге жалпы 1 млн 460 мың теңге шығын келтірілген

Батыс Қазақстан облысында ерлі-зайыпты дропперлер сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.

Олар өздерінің банк деректемелерін үшінші адамдарға берген.

"Сөйтіп ақшалай қаражатты заңсыз аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру схемаларына қатысқан. Жәбірленушілерге жалпы 1 млн 460 мың теңге шығын келтірілген", - деп жазылған хабарламада.

Сот дроперлердің қанша жылға сотталғанын нақтыламады. Әдетте мұндай әрекетке қатысқан адамның мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қолданылады.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Subscribe