Адамдарды сиырмен салыстырған "ұстаз-блогер" жауапқа тартылды

Адамдарды сиырмен салыстырған "ұстаз-блогер" жауапқа тартылды

фото: https://pixabay.com/

Сот шешімімен ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

Алматы қаласында адамдарды сиырмен салыстырған "ұстаз-блогер" жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұржан Смағұлов Instagram* әлеуметтік желісінде видео жариялап, қорлау белгілері бар пікірлер айтқан. Ол өзін "ұстаз" деп таныстырып, адамдарды сиырмен салыстырған.

Осыған байланысты қалалық дін істері басқармасы әкімшілік жауапкершілікке тартты.

"Аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама жасалды. Сот шешімімен Н.Смағұлов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 108 125 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Осы орайда басқарма азаматтардың сенімдері мен дүниетанымына құрметпен қарау қажеттігін еске салды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Subscribe