6 алтын, 1 күміс: Қазақстандық боксшылар әлем кубогының финалында топ жарды

6 алтын, 1 күміс: Қазақстандық боксшылар әлем кубогының финалында топ жарды
фото: https://stan.kz/

Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогында спортшыларымыз алты алтын алды.  

Виктория Графеева 60 келі салмақта бразилиялық Ребека Де Лиманы жеңді. Ал Наталья Богданова 70 келі салмақта оза шығып, аустралиялық боксшыны 4:1 есебімен ұтып кетті.

Күндізгі сессияны соңғы болып Санжар Тәшкенбай аяқтады. Ол 50 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Джей Брайан Барикуатроны жеңді. Ол қарсыласын нокдаунға түсірді.

Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 6 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль бар.

Кешкі сессияда әлі 5 боксшымыз жұдырықтасады.

https://stan.kz/