фото: pixabay.com
Астанада мектептер мен балабақшаларда таңғы фильтр енгізілуде. Яғни балалар оқу ғимаратына кіре салысымен, дәл короновирус кезіндегідей дене қызуын өлшейтін құрылғыға маңдайын, не болмаса қолын тосып өтеді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстанг" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұндай шара оқушылар мен балабақша тәрбиеленушілерінің респираторлық вирустық инфекцияға шалдығуының жиілеуіне байланысты қабылданып отыр дейді қалалық білім басқармасы.
Мектепке орнатылған термометрлер баланың білегі мен маңдайынан арнайы сигнал арқылы ақпарат таратады. Дене қызуы 37 градустан жоғары болса, мектегі дәрігер дабыл қағып, оқушыны медпунктке алып кетеді. Ата-анасына дереу хабар беріліп, дене қызуын түсіретін дәрі беріледі, ал жағдай ушықса, жедел жәрдем шақырылады.

Фото: pixabay.com.
Қаланың бас санитар дәрігері осыған дейін оқушылардың 30 пайызы вирус жұқтырса, оқуды онлайн форматқа ауыстыру туралы қаулы жариялаған. Дегенмен қазір жағдай тұрақталып, оқушылар қалыпты өміріне біртіндеп оралуда.
Тоғжан Тажатдинова Астана қаласы, №90 гимназияның медбикесі: — ЖРВИ белгілерімен балалар ауырып жатыр ғой, сол кезден бастап қойылды. Балалар қазір термометрге үйренген. Бастауыш сыныпқа, жоғарғы сыныпқа бөлек-бөлек қойылған. Өзі өлшеп отырады. Егер дене қызуы жоғары болса, журналға тіркейміз, сосын кезекші мұғалім маска беріп, медкабинетке жібереді. Біз анасына хабарласып, үйіне қайтарамыз.
Айта кетейік, коронавирустағы карантиннен кейін біраз шаң басып қалған термометрлер өзге өңірлерде де орнатылып жатыр.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через