600 млрд теңгені қамтыған онлайн-казино схемасы анықталды

600 млрд теңгені қамтыған онлайн-казино схемасы анықталды
фото: https://pixabay.com/

Заңсыз ойын бизнесін тоқтату аясында трансшекаралық аударымдардың ауқымды схемасы әшкерледі.

Құқыққа қарсы әрекетке 20-дан астам төлем ұйымы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің жекелеген лауазымды тұлғалары тартылған

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесін тоқтату аясында трансшекаралық аударымдардың ауқымды схемасы әшкерледі.

Құқыққа қарсы әрекетке 20-дан астам төлем ұйымы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің жекелеген лауазымды тұлғалары тартылған.

Ведомство хабарлауынша, ақша төлем ұйымдары арқылы өткізіліп, заңды операциялар ретінде жасырынып, онлайн-казиноның пайдасына шығарылған. Схеманы жүзеге асыру үшін финтех-сервистердің иелері букмекерлік кеңселермен жасалған жалған шарттар негізінде алынған "сұр" POS-терминалдар мен Terminal ID қолданған.

"Қазіргі уақытта заңсыз операциялардың анықталған көлемі 600 млрд теңгеден асады", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар төрт онлайн-казиноға техникалық қолдау көрсетіп, ақша операциялары бойынша кеңес берген Call-орталықтың қызметі тоқтатылды. Оның заңсыз жұмысына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Испания және Вьетнам азаматтарынан құралған 120 адам тартылған.

Бұдан бөлек, Call-орталық ұйымдастырушылары криптовалюта арқылы қаражат қабылдап, шығаруды жүзеге асырған гемблинг негізіндегі серіктестік бағдарламасын құрған. Оның айналымы 200 млн доллардан асып түсті.

Дерек көзі: https://sputnik.kz