![АҚШ-тағы орман өрті: “Болашақ” орталығы Калифорнияда оқып жүрген қазақстандықтарға үндеу жолдады](/storage/articles/n1z91Od0ha9vs6twS1iAtQeoOFdE6a9xNtpi3wgC.webp)
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/milehightraveler
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" Калифорния штатында болып жатқан орман өрттеріне байланысты жағдайды мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді.
Орталықтың мәліметінше, қазір Калифорния штатында 73 стипендиат білім алуда, оның ішінде "Болашақ" бағдарламасының 56, ал ғылыми тағылымдама бағдарламасының 17 стипендиаты бар. Барлығы аман-есен, кураторлармен байланыста.
"Стипендиаттар жергілікті билік органдарының ұсыныстарын орындап, жағдай туралы бізге жедел түрде хабарлап отырады. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске жылдам әрекет етуге дайынбыз", – делінген "Халықаралық бағдарламалар орталығының” хабарламадасында.
Орталық барлық стипендиаттарды абай болуға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ төтенше жағдайларда Сан-Францискодағы Қазақстан консулдығына хабарласуға кеңес берді.
https://stan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через